ЖИТС орталығының процедуралық медбикесі қан алу алдында келушіні жеке куәлік бойынша тіркейді және қолына талондар береді: логин, пароль және QR-код (АИТВ, вирустық гепатитке және т.б. әрбір зерттеу үшін бөлек).
Нәтиже алу үшін қажет:
- ЖИТС ОО ресми spid-krg.kz сайтына кіріңіз (ұялы телефон камерасы арқылы талондағы QR кодын сканерлеңіз немесе компьютер арқылы)
- “Талдау нәтижелерін алу” қосымша бетке өтіңіз
- “ЛОГИН ” және “ПАРОЛЬ” енгізіңіз
- “НӘТИЖЕЛЕРДІ АЛУ“
- “Тестілеуден кейін кеңес беру” мәтінімен танысып, терезеге белгі қойыңыз
- “Мен таныстым” және “Дайын” түймесін басыңыз
- “Нәтижесі бар бланкіні PDF форматында жүктеу“
Осы Нұсқаулыққа сәйкес басқа зерттеулердің нәтижелерін алуға болады (вирустық гепатит және т.б.).
Талдау нәтижесін алу мүмкін болмаған жағдайда ЖИТС ОО-на, 101-кабинетке жүгіну қажет.