Skip to content
Главная страница » АИТВ инфекциясының негізгі берілу жолдарын білу маңызды

АИТВ инфекциясының негізгі берілу жолдарын білу маңызды

АИТВ инфекциясының бір адамнан екінші адамға жұғуының 3 жолы бар екенін білу маңызды:

– жыныстық жолмен – қорғалмаған жыныстық қатынаспен (презервативсіз);

– қан арқылы – стерильді емес құралдарды (инъекциялар, татуировкалар, пирсингтер, қырыну жинақтары және т.б.) пайдалану кезінде;

– АИТВ жұқтырудың вертикальды жолы – АИТВ жұқтырған анадан балаға (жүктілік, босану немесе босанғаннан кейін, емшек сүті арқылы).

АИТВ қарапайым күнделікті қарым-қатынас арқылы (қол алысу, құшақтау, сүйісу), сондай-ақ ыдыс-аяқты, сүлгілерді және төсек-орын жабындарын ортақ пайдалану арқылы берілмейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған