Skip to content
Главная страница » АИТВ-ның әсерінен кейінгі профилактикасы

АИТВ-ның әсерінен кейінгі профилактикасы

  • by
Адамдардың өмірінде ең күтпеген жағдайлар болуы мүмкін, олардың кейбіреулері АИТВ жұқтыру қаупін тудырады.
Жұқтыру қаупі бар жағдайлардың мысалдары:
• АИТВ жұқтырған адаммен қорғалмаған жыныстық қатынаста болсаңыз;
• Стерильді емес инені, инъекцияға арналған шприцті пайдаланған болсаңыз;
• Егер сіз басқа біреудің қаны болуы мүмкін заттан жарақат алсаңыз.
 
    Мұндай жағдайларда шұғыл түрде профилактика үшін ЖИТС орталығына мүмкіндігінше тезірек (оқиғадан кейін 72 сағаттан кешіктірмей) хабарласу қажет, онда мамандар жұқтыру қаупінің дәрежесін сауатты бағалайды және қажет болған жағдайда: антиретровирустық терапияның төрт апталық курсын тағайындайды (АИТВ белсенділігін тежейтін арнайы препараттар).
ЖИТС  орталығы мамандарының қабылдауы мен ұсыныстары тегін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған