Skip to content
Главная страница » АИТВ және есірткі

АИТВ және есірткі

26 маусым – Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні, бұл нашақорлықтан азат халықаралық қоғам құру мақсатына қол жеткізу үшін іс-әрекет пен ынтымақтастықты жандандыруға бел байлағандығының белгісі. 

Нашақорлықтың Қазақстанда таралуы басқа елдердегі сияқты халықтың денсаулығына, ел экономикасына, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікке жаһандық қауіп төндіреді.

 АИТВ жұғуының бір жолы – есірткіні көктамыр ішіне енгізу.  АИТВ-инфекциясының берілу жолдарының бірі – инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында жиі кездесетін парентеральды (қан арқылы) жол.  Бұлыңғыр сана фонында нашақорлар басқа адамдардың шприцтерін пайдалануы мүмкін, щприцтерді ортақ ыдыста жуады немесе есірткі заты үшін ортақ ыдысты пайдаланады.  Егер олардың ортасында  АИТВ жұқтырған нашақор болса, вирус тарайды. АИТВ жұқтырған адамның қаны шприцте қалады, содан кейін есірткі заты бар жалпы «қазандыққа» түседі (қайта пайдалануға болатын «шаншу» кезінде), содан кейін жаңа дозамен шприц арқылы «компанияның»қалған мүшелерінің қанына түседі..   Ортақ шприцті немесе АИТВ жұқтырған есірткі затын пайдалана отырып, көктамыр ішіне есірткіні қолданғанда, тіпті бір рет инъекцияның нәтижесінде инфекцияның жұғу ықтималдығы 95-98% құрайды.  АИТВ инфекциясының берілуінің бұл жолы ең қауіпті болып саналады.  

Сонымен қатар, психоактивті заттардың әсерінен жыныстық құштарлық белсендіріледі.  Сондықтан осы негізгі «компанияның» арасында АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуі де өзекті болып табылады.   Сонымен қатар, нашақорлар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен бауырға кері әсер ететін гепатитке шалдығу қаупі өте жоғары.

   АИТВ-инфекциясымен күрестің әсері нашақорлық жойылмайынша өте төмен болады, тек нашақорлықты жою арқылы ғана  АИТВ-инфекциясының  таралуын бәсеңдету мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған