Skip to content
Главная страница » Ашық есік күні.

Ашық есік күні.

  • by

2022 жылдың 22 қарашасында Облыстық ЖИТС орталығында Ашық есік күні өтті. Іс-шара жалпы халықтың назарын өз денсаулығының жай-күйіне аудару, сондай-ақ орталықта көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен танысу мақсатында өткізілді. Барлық ниет білдірушілерге жетекші мамандар: дерматовенеролог, терапевт, гинеколог, психолог кеңес берді. Акцияға дәрігерлер жұмылдырылды, олар пациенттерді ақпараттандырып қана қоймай, нәтижелері бойынша қажетті ұсыныстар бере отырып тексерді. Сондай-ақ, орталыққа келушілерге АИТВ￾инфекциясының алдын алу шаралары, дұрыс және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы буклеттер таратылды. – Біз ЖИТС орталығының пациенттері ғана емес, барлық азаматтар АИТВ￾инфекциясы, жұқтыру жолдары және, әрине, алдын алу шаралары туралы білуге тырысамыз. Ең бастысы, орталық қызметкерлері пациенттеріміздегі қорқыныш, кемсітушілік тосқауылын бұзуға тырысады, сондықтан Ашық есік күні – бұл біздің мамандарымыз бен кез келген адам жұқтырған￾жұқтырмағанына қарамастан сенімді байланысу мүмкіндігі. Өткен іс – шара туралы оң пікірлеріміз үшін барлық пациенттерімізге алғыс айтамыз-деп түсіндірді профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Төлекбаева Нағима Таштайқызы. Алдағы уақытта облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері Ашық есік күндерін мүмкіндігінше жиі өткізуге ниетті, бұл халықты кеңірек қамтуға және медицина қызметкерлері мен пациенттер арасындағы еркін ашық диалогқа ықпал ететін болады. Біздің қоғамның денсаулығына қатысты айтылмайтын орын жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған