Skip to content
Главная страница » Болашақ спортшылар АИТВ-ның алдын алу туралы

Болашақ спортшылар АИТВ-ның алдын алу туралы

  • by

Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде лекциясында «- Жастармен кездесулер мен лекциялар ұйымдастыру арқылы біз АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды қорқытпақ емес, оның қандай ауру екенін, оның адам ағзасына қандай салдары болатынын, инфекциядан қалай сақтану керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреміз», –деп Қарағанды ЖИТС орталығының  маманы Г. Усманова. сөзін бастады.

Орталықтың профилактикалық бөлімінің маманы кездесуде қолжетімді және ашық әңгімеде ауру және оның алдын алу шаралары туралы негізгі ақпаратпен бөлісіп, жастарға АИТВ-мен байланысты стереотиптер мен наным-сенімдерден ада қоғам қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Іс-шара аудиторияның сұрақтарымен және олардың талқылауымен аяқталды.

АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық дәріске Олимпиадалық резерв мектебінің 35 оқушысы қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған