Skip to content
Главная страница » Диагностика-АИТВ-ны уақтылы анықтаудың кепілі.

Диагностика-АИТВ-ны уақтылы анықтаудың кепілі.

  • by

   Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы АИТВ – инфекциясын диагностикалауға, антиретровирустық терапияға мониторинг жүргізуге, сондай-ақ клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық және ПТР зерттеулерінің үлкен спектріне арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған.

    Бүгінгі таңда барлық зерттеу жұмыстары – зертханалық ақпараттық жүйелерден, пробиркаларды тіркеуден және оларға штрих-код беруден бастап, талдау нәтижелерін алуға дейін автоматтандырылған.

   АИТВ – инфекциясын скринингке күн сайын зертханаға облыстың медициналық ұйымдарынан 1500-ге жуық қан үлгілері келіп түседі, сондай-ақ ЖИТС орталығына күн сайын 150-ден 300-ге дейін адам тексеруге келеді.

   Бүгінгі күні зертхана АИТВ-ға антиденелер мен антигенді анықтайды, бірақ оң нәтижені растауды Республикалық зертхана жүргізеді.АИТВ-инфекциясының оң нәтижесін растауды одан әрі  облыстық ЖИТС орталығы да жасай алады деп үміттенеміз. Бұл түпкілікті нәтиже алу уақытын қысқартып қана қоймай, пациенттерді емдеуді ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *