Skip to content
Главная страница » Достық кабинет

Достық кабинет

Достық кабинеті – халықтың негізгі топтары және АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған пункт.  Бұл кабинеттер еріктілік және құпиялылық қағидаттары бойынша тегін негізде жұмыс істейді. 

Достық кабинетте халықтың негізгі топтары үшін мынадай қызметтер ұсынылады: – АИТВ-ға тексеру; – жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (ЖЖБИ) тексеру; – тазалық дәрежесіне микроскопиялық талдау; – Созылмалы ЖЖБИ (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, гонорея, трихомониаз, HSV)ПТР диагностикасы; – вирустық гепатиттерге тексеру; – ЖЖБИ емдеу;  -АИТВ-инфекциясының (ЖКП) жанасуға дейінгі профилактикасы; – дерматовенеролог, гинеколог, психолог қызметтері;  – жеке қорғаныс құралдарын беру (презервативтер).

Достық кабинеті орналасқан:  Қарағанды қ. ЖИТС ОО, Анжерская к-сі, 37, 104 кабинет. Жұмыс уақыты 8.30 – дан 16.00 – ге дейін. Теміртау қ. Байсейітов к-сі 2, 104 кабинет. Жұмыс уақыты 8.30 – дан 16.00 – ге дейін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған