1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні Облыстық ЖИТС орталығының мамандары “Dance4life” еріктілерімен бірлесіп “Таир” сауда үйінде акция өткізді. Шараны ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясы туралы халықтың ақпараттандыру деңгейін анықтау мақсатында сауда үйінің көптеген келушілеріне сұрақтар қойды. Дұрыс жауаптар үшін қатысушылар сыйлықтар алды. Сондай-ақ, орталық мамандары вирустың таралу жолдары және АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы қысқаша мәліметтер берді.
Акция барысында барлық тілек білдірушілерге 150 дана ақпараттық материалдар таратылды. Аудитория 100-ден астам адамды қамтыды.

