Skip to content
Главная страница » Экспресс-тест бойынша семинар-тренинг

Экспресс-тест бойынша семинар-тренинг

  • by

Қарағанды ​​облыстық ЖИТС орталығында емдеу бөлімшесінің, эпидемиологиялық және профилактикалық бөлімшелердің қызметкерлеріне арналған «Экспресс-тестілеуді өткізу және нәтижелерді түсіндіру. АИТВ-инфекциясына эксперсс тестті тіркеу журналын енгізу. эксперсс тест жүргізу кезінде жұмыс орнын ұйымдастыру. АИТВ-инфекциясының ДНҚ-сына талдау жүргізу үшін балалардан капиллярлық қанның құрғақ тамшысын (КҚҚТ) алу және тасымалдау кезіндегі сапаны бақылау» атты тақырыбында оқыту семинары өтті.

Орталықтың диагностикалық зертханасының меңгерушісі Е. А. Сиделева 4 буын экспресс-тесттері туралы, оларды пайдалану ережелері, экспресс тест қою үшін жұмыс орнын ұйымдастыру және экспресс тестті тіркеу үшін журналды дұрыс енгізу туралы хабардар етті.

Теориялық бөлім практикалық бөлімге ұласты.

Семинардың мақсаты-кәсіби қабілеттілікті арттыру және 4 буынды тест-жүйелермен жұмыс істеу алгоритмін оқыту, балалардан КҚҚТ алу кезінде аналитикалық кезең ережелерін сақтау және тіркеу журналдарын дұрыс енгізу.

 -Экспресс-тест жүргізу дағдыларын игеріп, сондай-ақ АИТВ жұқтырған аналардан туған балалардан КҚҚТ алудың преаналитикалық кезеңінде барлық ықтимал қателерді жойып, біз сенімді нәтиже алуға тырысамыз, – деп қорытындылады Екатерина Александровна Сиделева тренинг соңында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған