Skip to content
Главная страница » «InLife» ЖШС дәрігерлеріне арналған семинар

«InLife» ЖШС дәрігерлеріне арналған семинар

Бекітілген жоспарға сәйкес Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы А.Ақбергенова «InLife» ЖШС емханасында ұйымдастыру-кеңес беру жұмыстарын жүргізді және медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

  Кездесу барысында дәрігерлер ағымдағы жылдың өткен кезеңінде АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алды; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты АИТВ-инфекциясына міндетті құпия тестілеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы № 211 бұйрығы қаралды;  денсаулық сақтау мекемелеріндегі төтенше жағдайлар кезіндегі алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері жан-жақты талқыланды;  семинар тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды.

 Аудиторияны қамту емханадағы 65 медицина қызметкерін құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған