ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы академиясында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы А. Ақбергенова АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс оқыды.
Академия курсанттарына АИТВ, жұқтыру жолдары мен алдын алу әдістері туралы ақпарат беретін бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ маман әрбір адам өзінің ВИЧ-инфекциясының статусын білуі керек екенін, оның анализін емханада немесе облыстық ЖИТС орталығынан алуға болатынын түсіндірді. Анонимді тестілеу және кеңес беру үшін Достық кабинетін пайдалануға болады.
Дәріс соңында маман А.Ақбергенова салауатты өмір салтын ұстану, жыныстық қатынасты сақтау және есірткіден бас тарту маңыздылығын еске салды.
Кездесуге Ішкі істер министрлігі Академиясының 250 курсанттары қатысты.