Skip to content
Главная страница » Кәсіптік колледжде дәріс

Кәсіптік колледжде дәріс

  • by

АИТВ-инфекциясы және инфекцияның алдын алу туралы ақпараттандыруды арттыру үшін ЖИТС орталығының мамандары қаланың жастар ортасына ерекше назар аудара отырып, лекциялар жүргізеді.

          Осы мақсатта ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай кәсіптік колледж студенттерімен сөз сөйлеп, адамның иммун тапшылығы вирусы, оның таралу жолдары мен АИТВ-инфекциясынан қорғану әдістеріне тоқталды.

          Сонымен қатар спикер аудиторияға АИТВ-статусын неліктен білу керектігін және АИТВ-ға қаншалықты жиі тексерілу керектігін түсіндірді.  Кездесу соңында Б.Жанбай студенттердің сұрақтарына жауап берді.

          Жиынға 40 адам қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған