Skip to content
Главная страница » Облыстық ЖИТС орталығында медициналық кеңес

Облыстық ЖИТС орталығында медициналық кеңес

  • by

2023 жылғы 10 ақпанда Облыстық ЖИТС орталығында медициналық кеңес өтті, онда 2022 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2023 жылға арналған перспективалар белгіленді. Жиынға ЖИТС орталығының қызметкерлері Теміртау және Балқаш филиалдарының өкілдерімен бірлесіп қатысты.

Күн тәртібінде: өткен жылғы эпидемиологиялық бөлім жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы; есепті кезеңдегі диагностикалық зертхана жұмысының қорытындылары туралы; 2022 жылғы профилактикалық жұмыс бөлімінің көрсеткіштері туралы баяндамалар тыңдалды.

Соңында проблемалық мәселелер талқыланып, оларды еңсеру және жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды. Медициналық кеңестің қатысушылары нәтижелерді қорытындылап, қазіргі уақытта қызмет бөлімдерінің бірінші кезектегі басымдықтарын анықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған