Skip to content
Главная страница » Орталық Қазақстан академиясында АИТВ бойынша дәріс

Орталық Қазақстан академиясында АИТВ бойынша дәріс

Студент жастарды АИТВ және соған байланысты алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында Орталық Қазақстан академиясында Қарағанды ​​облыстық ЖИТС орталығының маманы И.Венчикова студенттерге дәріс оқыды.

         Қысқаша оқыту курсының жоспарында адамның иммун тапшылығы вирусының атауының этиологиясы яғни шығу себебі, оның басқа вирустардан айырмашылығы, таралу жолдары және инфекциядан қорғану әдістері туралы сұрақтар қамтылды.  Студенттерге бейнефильм көрсетілді, одан кейін қойылған сұрақтарға жауаптармен диалог жүргізілді.  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу мәселелері де талқыланды.

 Кездесудегі басты ой – жастардың бойында өз денсаулығына деген саналы да ұқыпты көзқарасты, салауатты өмір салтына ұмтылуды қалыптастыру.

         Дәрісті академияның 35 студенті тыңдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған