Skip to content
Главная страница » Орталық Қазақстан Академиясында АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс

Орталық Қазақстан Академиясында АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс

2023 жылғы 11 қазанда Орталық Қазақстан Академиясында Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары студенттерге «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу»тақырыбында дәріс өткізді.

ЖИТС орталығының маманы И.Венчикова келесі мәселелерді атап өтті: АИТВ және ЖИТС ұғымы, берілу жолдары, АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары, диагностикасы және емдеу.

Кездесудің барлық қатысушыларына ақпараттық-әдістемелік материалдар берілді.

Дәріске академияның 65 студенті қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған