Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу облыстық ЖИТС орталығының мамандары жүргізіп жатқан алдын алу жұмыстары аясында жастармен жоспарланған кездесулердің бірі.
Презентацияға дайындалған дәрісте иммун тапшылығы вирусының өзі және АИТВ-инфекциясынан қорғай алатын алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Лектор, Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы И.Венчикова вирустың табиғатын, таралу жолдарын, қорғану құралдарын түсіндіріп қана қоймай, материалды бекіту мақсатында ұсынылған тақырып бойынша интерактивті сауалнама жүргізді. Ол сонымен қатар ақпаратты білу жеткіліксіз екенін, бұл білімді іс жүзінде қолдану керектігін айтты. Сондай-ақ, маман өз сөзінде ақпаратты білу жеткіліксіз екенін, АИТВ-инфекциясын болдырмау үшін бұл білімді іс жүзінде қолдану керектігін баса айтты.
Аудиторияны қамту – 60 адам.