Skip to content
Главная страница » Тәттимбет колледжінде дәріс оқыды

Тәттимбет колледжінде дәріс оқыды

  • by

3 мамыр күні Қарағанды ​​облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай, Тәттімбет атындағы Қарағанды ​​өнер колледжінде «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. 

 Студенттерге АИТВ-инфекциясының ауырлығы түсіндірілді, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және оған қарсы алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. 

Жеке профилактикалық шараларға ерекше назар аударылды – тек жеке гигиена құралдарын қолдану, сұлулық пен тату салондарын, стоматологиялық клиникаларды мұқият таңдау, қорғалған жыныстық қатынастың міндетті сипаты, салауатты өмір салтын сақтау және есірткісіз өмір сүру туралы ақпараттар айтылды.

 Аудиторияны қамту – 75 колледж студенттері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған