Skip to content
Главная страница » Вич туралы » АИТВ таралу жолдары

АИТВ таралу жолдары

Адамның иммун тапшы вирусы бір адамнан екінші адамға АИТВ вирусы бар биологиялық сұйықтық арқылы беріледі.

Иммун тапшылығы вирусы келесі биологиялық сұйықтықтарда болады: қан, ұрық және эякуляциялы бөлінді, вагинальды сұйықтық және емшек сүті. Бұл вирус сілекейде де кездеседі, алайда сарапшылардың пікірінше, оның концентрациясы өте төмен болғандықтан, ауруды жұқтырудың қауіпі төмен  болады.

АИТВ жұқтырудың үш жолы бар:

1.  Жыныстық қатынас: кез-келген қорғалмаған (мүшеқап қолданбай) жыныстық қатынас кезінде. Тіпті бір байланыс инфекцияға әкелуі мүмкін. Жыныстық жолмен жұқтыру қаупі көптеген факторларға байланысты:

► жыныстық қатынас түрлері. Ең қауіптісі анальды жыныстық қатынас . Зорлау кезінде жұқтыру қаупі өте жоғары. Ең қауіпі аз ол оральдық жыныстық қатынас, дегенмен бұл жағдайда да жұқтыру қаупі бар;

► жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардың болуы (ЖЖБИ), сондай-ақ жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарының тұтастығының бұзылуына және АИТВ-ның қанға жеңіл енуіне әкелетін қабыну процестерінің болуы. Сонымен қатар, ЖЖБИ-де ұрық пен вагинальды секрециядағы вирустың концентрациясы артады;

► әйелдердің вирусты жұқтыру қаупі – ер адамдарға қарағанда 2 есе жоғары, өйткені ұрықта әйелдің вагинальды секрециясына қарағанда вирус мөлшері көп болады;

► ағзаға түскен вирустың мөлшері (бірнеше мәрте қорғалмаған байланыста болу қаупі жоғары);

АИТВ жұқтырған жолдасының вирустық жүктемесі ( аурудың бастапқы кезеңінде, ЖИТС сатысында жоғары және антиретровирустық терапияны қабылдау кезінде төмендейді).

2. Парентеральды жол (қан арқылы). Инфекцияланған қан сау адамның денесіне зақымдалған тері, шырышты қабаттар арқылы және келесі манипуляциялар кезінде қанға тікелей енеді:

► инъекциялық есірткіні тұтынушылар стерильді емес жабдықты (шприцтер, инелер, ыдыс-аяқ, сүзгілер және т. б.) пайдаланған кезде;

► стерильді емес медициналық құралдарды пайдалану кезінде;

инфекцияланған донорлық қан құю, донорлық органдар мен тіндерді трансплантациялау кезінде;

► татуировка, пирсинг, стерильді емес құралмен құлақтарды тесу кезінде.\

АИТВ-ның парентеральді жолмен  берілуінің алдын алу донорлық және денсаулық сақтау мекемелерінде өте мұқият бақыланады.

АИТВ парентеральді жолмен көбінесе стерильді емес инъекциялық жабдықты көктамыр ішіне енгізу арқылы беріледі.

3. Тік жол: АИТВ-жұқтырған  анадан балаға  жұғуы мүмкін:

► жүктілік кезінде (плацентадағы ақаулар, анадағы вирустық жүктеме жоғары болуы және иммундық жағдайының төмен болуы);

► босану кезінде-босану каналынан өткен уақытында ананың қанымен байланыста болған кезде, ұзақ сусыз кезеңде, анадағы жоғары вирустық жүктеме кезінде бала үшін вирусты жұқтыру қауіпі артады. Егер жүктілік кезінде анасы антиретровирустық препараттарды қабылдаса, жаңа туған нәрестенің жұқтыру қаупі азаяды;

төспен емізу кезінде.