Skip to content
Главная страница » Жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық дәріс

Жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық дәріс

Пришахтинск ауданындағы №25 мектептің жоғары сынып оқушыларына АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс оқылды.

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Г. Усманова адамның иммун тапшылығы вирусы, оның белгілері, таралу жолдары және АИТВ инфекциясынан қорғайтын алдын алу шаралары туралы айтты.

Сондай-ақ аудиторияға АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған ақпараттық-танымдық бейнеролик көрсетілді.

Дәріске 160 мектеп оқушылары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған