Skip to content
Главная страница » Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен «Дөңгелек үстел».

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен «Дөңгелек үстел».

  • by

18 сәуірде Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Н.Төлекбаева Сортировка ауданындағы №85 орта мектептің жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен әңгіме өткізді.

Кездесуде бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясы және ЖИТС тақырыбының өзектілігі, әсіресе, негізгі қауіп тобының жасөспірімдеріне ғана емес, көбіне бұл мәселе бойынша жеткілікті ақпараты жоқ жасөспірімдер үшін өзекті екені айтылды.

ЖИТС орталығының маманы ата-аналар балаларының өмірінде шешуші рөл атқаратынын, сондықтан АИТВ-инфекциясы туралы айтуды әдепсіз және орынсыз деп санауға болмайтынын ескертті.

Сонымен қатар, ата-аналар балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатуы, жыныстық мінез-құлық, есірткі мен алкогольдің зияны туралы ашық айтуы, салауатты өмір салтын ұстануы керек. Сондай-ақ отбасында жасөспірімнің мінез-құлқына, көңіл-күйіне назар аударып, есейгенде өзін-өзі бағалауды арттыру, біреудің теріс қысымына бой алдырмау үшін «жоқ» деп айтуға үйрету керек. Кәмелетке толмағандар көбінесе денсаулықты күтуде проблемалар туындамайынша онша мән бермейді. Сондықтан дер кезінде алдын-алу көптеген жағымсыз салдардан сақтап, жасөспірімнің өмірі мен денсаулығын сақтай алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған